«Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіліп берілетін «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасының бағдарламалық өнімінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2016 жылғы 28 қаңтардағы №107 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2025 жылғы 2 қазандағы № 491/НҚ бұйрығы
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 17 наурыздағы № 149/НҚ бұйрығымен күші жойылады (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі)
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіліп берілетін «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасының бағдарламалық өнімінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 107 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13263 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
«Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіліп берілетін «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасының бағдарламалық өнімдерінің тізбесін осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Архитектура және цифрлық трансформация саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: